08.03.2018, 18:18 5299

Кеше таӊертеӊ Шымкент қаласыныӊ әкімі әріптестеріне гүл ұсынып қарсы алды

Шымкент қаласы әкімініӊ аппаратында 85 нәзік жан иесі қызмет атқарады

Шымкент. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Кеше таӊертеӊ әкімдіктіӊ кіреберісінде әрбір әйел қызметкерді Шымкент қаласыныӊ әкімі қарсы алды. Икімдіктіӊ ер азаматтары өздерініӊ әріптестері нәзік жандыларға тосын сый ұйымдастырды. Таӊертеӊ әрбір әйел қызметкерді ғимаратқа кіргеннен дәлізде ер азаматтар әуен мен соксофон ойнатып, Шымкент қаласыныӊ әкімі гүл ұсынып қарсы алды. Безендірілген сахна алдында естелік суретке түсуді де ұмыт қалдырмаған.

Бұл күні олардыӊ әрбірі - әкім орынбасарынан тазалықшыларға дейін өздерін нақ бір патшайымдай сезінді. Қала әкімі Нұрлан Сауранбаев бастаған ерлер қауымы әйелдерді құттықтап, сыйлық ұсынып, ізгі тілектерін арнады. "Біздіӊ тамаша әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Себебі олар кейде бізбен теӊ қызметтерді де атқарады.

Және олар жұмыстарын мүлтіксіз жасайды. Ийелдер нәзік жан иесі болғанымен, ерлерге қарағанда жауапкершіліктері жоғары"- деп түсіндірді әкімдіктіӊ ер азаматтары. Ауа-райы күӊгірттеніп тұрса да, шынайы күлімдеген жүздер, шынайы тілектер айналаны нұрландырып жіберді.

Қоса айта өтсек, Шымкент қаласы әкімініӊ аппаратында 85 нәзік жан иесі қызмет атқарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны