11.05.2007, 14:34 2929

Кеше ұсталған КТК қызметкері Лихоузов аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Кеше ұсталған КТК қызметкері Иван Лихоузов аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат бүгін белгілі болды.

Ол полициядағы жауап алудан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, И.Лихоузовты кеше таңертең белгісіз біреулер ұрлап әкеткен болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оны беттеріне бетперде киген адамдар күшпен автокөлікке отырғызып алып кеткен. Оны ұстағандардың саны 5-тен асады және олардың бәрі де жай киім киген. Олардың екеуі бетперде киіпті. Бір адам "КТК" АҚ-ына қарасты "Шкода-Октавиа" көлігіне, қалғандары - "Мерседес" көлігіне отырып кеткен.

Ал кешке жақын белгілі болғанындай, оны ұстағандар тәртіп сақшылары болып шыққан. Тұтқын Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасына жеткізілген. Полициядағылардың мәлімдеуінше, Лихоузов "Нұрбанк" басқармалары төрағасының орынбасары Жолдас Темірәлиевтің жоғалуына қатысты іс бойынша жауап беру үшін сұраққа шақырылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны