11.05.2007, 18:20 2809

Кеше ұсталған КТК қызметкері Лихоузов аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр (толықтырылған нұсқа)

АЛМАТЫ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Кеше ұсталған КТК қызметкері Иван Лихоузов аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат бүгін белгілі болды.

Ол полициядағы жауап алудан кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, И.Лихоузовты кеше таңертең белгісіз біреулер ұрлап әкеткен болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оны беттеріне бетперде киген адамдар күшпен автокөлікке отырғызып алып кеткен. Оны ұстағандардың саны 5-тен асады және олардың бәрі де жай киім киген. Олардың екеуі бетперде киіпті. Бір адам "КТК" АҚ-ына қарасты "Шкода-Октавиа" көлігіне, қалғандары - "Мерседес" көлігіне отырып кеткен.

Ал кешке жақын белгілі болғанындай, оны ұстағандар тәртіп сақшылары болып шыққан. Тұтқын Алматы қалалық ІІД-нің тергеу басқармасына жеткізілген. Полициядағылардың мәлімдеуінше, Лихоузов ірі қаржылық алаяқтық қылмысты ұйымдастырған күдікті деп танылып, қашып жүрген Жолдас Темірәлиевке қатысты іс бойынша жауап беру үшін сұраққа шақырылған".

Бұрын хабарлағанымыздай, қаржы полициясы 2007 жылдың 12-наурызында Ж. Темірәлиевтің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтылық) мен 220-бабының 1-тармағы (көпе-көрінеу қайтымсыз несие беру немесе банкке пайдасыз мәмілелер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғанан болатын. Сол күні күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны