12.02.2016, 11:15 3003

Кездікті әйел

Қазақстан-қырғыз шекарасында суық қаруға жататын пышақтарды алып өтпекші болған әйел адам ұсталды.

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан-қырғыз шекарасында суық қаруға жататын пышақтарды алып өтпекші болған әйел адам ұсталды.

Қордай шекара отрядыныӊ "Қордай авто" тексеру-өткізу пунктініӊ шекара наряды көрші елден біздіӊ елге қарай жаяулатып өтіп келе жатқан 34 жастағы Қырғызстан азаматшасын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азаматшаны тереӊірек тексеру барысында оныӊ қол жүгінен төрт дана пышақ, MK 0698374 маркалы сүӊгі-пышақ, және ұрыста қолданылатын SHITH-WESSOON SEARCH-RESCUE CKSUR-23 маркалы үш пышақ табылды.

Ұсталған азаматша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны