15.05.2007, 10:10 1481

Кезекті "Қазспас-2007" семинар жиыны Алматы облысында мамыр айының соңғы онкүндігінде болмақ

АСТАНА. 15 мамыр. Kazakhstan Today. Құтқарушы бөлімшелердің кезекті 12-ші халықаралық "Қазспас-2007" семинар жиыны Тамғалы тас шатқалындағы "Жартасты қала" оқу жаттығу полигонында мамырдың 21 мен 31 аралығында өтеді, деп Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жарыс төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпуновтың жетекшілігімен өтеді.

Семинар-жиын шеңберінде құтқару көпсайысы бойынша халықаралық ашық жарыс ұйымдастыру көзделіп отыр

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь және Изербайжаннан 30-дан астам құрама қатысады. Бақылаушы ретінде АҚШ, Швеция мен Ресейдің ұйымдары мен министрліктерінің өкілдері шақырылған.

Жарыс шеңберінде қазіргі заманғы апаттық-құтқару техникасы, құрал-жабдықтары мен саймандарының көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны