28.02.2011, 16:08 6991

ҚХР халқының саны 1,34 млрд теңгеден асып жығылды

ҚХР халқының саны 2010 жылдың соңында 1,34 млрд теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - ақпан. Kazakhstan Today -ҚХР халқының саны 2010 жылдың соңында 1,34 млрд теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мұндай алдын ала деректерді бүгін ҚХР-дың мемлекеттік статистикалық басқармасы беріп отыр.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, 2010 жылдың қарашасында ҚХР-да 6-шы жалпыұлттық халық санағы өткізілген. Санақтың нәтижесі ресми түрде биылғы жылдың шілде-тамыз айларында жариялану керек. Қазіргі кезде деректерді өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Санақ барысында ел халқының және жекелеген әкімшілік бірліктерінің жалпы саны ғана емес, сонымен қатар, жалпы білім деңгейі, жыныстардың сандық арақатынасы, халықтың жұмыспен қамтылуы, өлім деңгейі, баспана деңгейі және жұмысшы мигранттардың ортасындағы ахуалы анықталды. Соған қоса, осы статистиканы жүргізу барысында алғашқы рет ел аумағындағы шетелдік азаматтар есепке алынды.

Қытайда жалпыұлттық халық санағы 1953, 1964, 1982, 1990 және 2000 жылдарда жүргізілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны