27.03.2008, 19:02 3052

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені нығайтуға шақырды

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені нығайтуға шақырды

Алматы. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде Қытай Халық Рсепубликасының жаңа шақырылымдағы Мемлекеттік кеңесі сатылмайтын аппарат қалыптастыру мәселелері бойынша алғашқы жиналыстарын өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Синьхуа" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің ақпаратына сүйенсек, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао ағымдағы, жаңа үкімет қызметінің алғашқы жылы сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңа ілгерілеуге қол жеткізу қажеттігін атап көрсетті. Сатылмайтын үкімет құруда жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін Вэнь Цзябао халықтың мүддесіне залал келтіретін зиянды үлгіні түзетуді, заң және тәртіп бұзу туралы тұтастай істер тобын жедел шешуді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюды талап етті.

Вэнь Цзябао сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының және таралуының басты себебін өкілеттілікті аса орталықтандыру және бұған тиімді қадағалаудың жасалмауынан көреді. Осыған байланысты ол қадағалау және билікті шектеу жүйесін салуды күшейтуді алдыңғы орынға қою қажеттігін атап көрсетті. Өйткені ол сыбайлас жемқорлықтың тамырынан бастап алдын алудың кепілі бола алады.

Отырысқа ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьерлері Ли Кэцян, Хуэй Лянъюй, Чжан Дэцзян, Ван Цишань қатысты. Жиналысты Мемлекеттік кеңес мүшесі, жауапты хатшы Ма Кай жүргізді.

Бұдан бұрын наурыз айының басында пара алғаны үшін айыпталған Фуцзянь провинциясының (Шығыс Қытай) Инженерлік құрылыс компаниясының Қытайдың коммунистік партиясы комитетінің бұрынғы хатшысы және басқарма төрағасы Юэ Шэнли өлім жазасына кесілгенін "Синьхуа" агенттігі хабарлаған болатын. Үкім екі жылға кейінге шегеріліп, саяси құқықтарының барлығы алынып, жеке мүлкі толығымен тәркіленген еді.

Агенттіктің хабарлауынша, сот Юэ Шэнли 1996 жыл мен 2006 жылдар аралығында Инженерлік құрылыс компаниясының өңірлік жол басқармасы бастығы және басқарма төрағасы болып қызмет істеген кездерінде жалпы сомасы 9,89 млн юаньды (шамамен 1,4 млн АҚШ доллары) құрайтын пара алғанын анықтаған-ды. 2006 жылдың тамыз айында оның ісі Қытайдың коммунистік партиясының тәртіпті тексеру жөніндегі өңірлік комиссиясынан прокуратураға тапсырылған болатын. Прокуратура 2007 жылдың шілдесінде оған айып тақты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны