08.02.2016, 16:05 3397

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, 2016 жылдыӊ 9 ақпаны күні 9 сағат 00 минутта Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 2 минут бойы теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Астана қаласыныӊ құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Аталмыш тексеру жоспарлы болып табылады және ай сайын жүргізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдыӊ орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол "Баршаӊыздыӊ назарына!" біріӊғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (Хабар, Қазақстан, Евразия бірінші арна, Астана, КТК, НТК- теледидарларын; Астана FM, Шалқар, Ретро FM, Авторадио, Қазақ радиоларын) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін қосулары керек.

Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.

Астана қаласы ТЖД

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны