03.08.2019, 00:51 21156

Кинологтар Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығында оқудан өтті

"Есірткі құралдарын іздеу", "Жарылғыш заттарды іздеу" және "Валютаны іздеу" бағдарламалары бойынша курстар 2019 жылғы 22 сәуір мен 30 шілде аралығында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы базасында өткізілді.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық гвардия кинологтары Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығында оқудан өтті.

"Есірткі құралдарын іздеу", "Жарылғыш заттарды іздеу" және "Валютаны іздеу" бағдарламалары бойынша курстар 2019 жылғы 22 сәуір мен 30 шілде аралығында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы базасында өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай Кинологиялық орталық базасында ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің және ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының кинологтарына курсты бітіргені туралы сертификаттар тапсырылды.

Салтанатты рәсімге ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық гвардиясы, ҚР ҰҚК Шекара қызметініңкинологиялық қызмет басшылары қатысты.

Құқық қорғау органдарының кинологиялық қызмет басшылары курстың жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғанын және өткізілгендігін және кинологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасының озық жабдықталғанын атап өтті.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны