18.09.2015, 14:36 4456

"Кинопаркте" қыз баланы соққыға жыққан азаматтыӊ ісі сотқа тапсырылды - Астана ІІД

Елордадағы кинотеатрлардыӊ бірінде кассир қызды тепкен бұзақыға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД бастығыныӊ орынбасары Батырлан Есенбай мәлім етті

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Елордадағы кинотеатрлардыӊ бірінде кассир қызды тепкен бұзақыға қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД бастығыныӊ орынбасары Батырлан Есенбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жаӊа заӊнамаға сәйкес, біз бұл адамды (Қуаныш Тұракелдиев) ұстап, екі тәуліктіӊ ішінде істі сотқа жолдадық",-деді Б. Есенбай, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы орайда ол тұтқындалған жігітке бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желіде жұртты дүр сілкіндірген видео пайда болған еді. Онда Астанадағы "Кинопарк" кинотеатрына келушілердіӊ бірі кассир қызбен сөзге келіп, кейіннен қызды іштен теуіп, құлатады. Мекеменіӊ ресми парақшасында хабарланғанындай, оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданыныӊ ІІБ-на жіберілген. Бұл келеӊсіз жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны