15.09.2015, 19:51 4149

Кинотеатрда кассир қызды ішінен тепкен Астана тұрғынына қатысты сот алдындағы тергеу амалдары басталды

22 жастағы Қ.Төрекелдиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 22 жастағы Қ.Төрекелдиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексініӊ 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталып кетті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Азамат Қ. болмашы себеппен жәбірленушіге қатысты бұзақылық жасап, оған дене жарақаттарын салды. Күдікті Төрекелдиев ҚПК-ніӊ 128-бабыныӊ бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД УҰА-ға қамалды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бейнебақылау камерасына түсіп қалған кинотеатрға келушілердіӊ бірі кассир қыздыӊ ішінен тепкен сәті ғаламторға жарияланған. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі пайдаланушыларын дүрліктірген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны