12.07.2013, 10:41 6020

Қырғыз көліктері кедендік рәсімдеуден кейін қымбаттайды

ҚР Қаржы министрi Б.Жәмішевтің блогына Ербол есімді жігіт хат жолдапты. Оның сауалы көпшілік автосүйер қауымды да алаңдатып отырса керек. Хат мазмұны Қазақстанға тасымалданып әкелінетін Қырғыз көліктеріне қатысты.

Алматы. 12-шілде. Kazakhstan Today - Қырғыз көліктері кедендік рәсімдеуден кейін қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Қаржы министрi Б.Жәмішевтің блогына Ербол есімді жігіт хат жолдапты. Оның сауалы көпшілік автосүйер қауымды да алаңдатып отырса керек. Хат мазмұны Қазақстанға тасымалданып әкелінетін Қырғыз көліктеріне қатысты.

Өздеріңізге белгілі құны арзан, сапасы жоғары Қырғыз автосы қазақ жігіттерінің көзайымына айналғалы қашан. Кедендік одақтың шарты қанша қорқытқанымен, қазіргі күні Қазақстанның көпшілік азаматтары сол елден көлік әкелетіні де жасырын емес. Ел арасында көп кешікпей Қырғызстан да Кедендік одақтың құрамына енеді, сонда ол көліктерді ресімдеудің еш қиындығы болмайды деген желсөз гу-гу етеді. Осыған орай Ербол Қаржы министрінен осы жайт рас па, мүмкін еш алаңсыз Қырғыз автоларын сатып ала берсек қайтеді деген әрі кеңесін, әрі сауалын жолдапты.

Қаржы министрі Болат Жәмішев бұл сауалға әрі білікті қаржыгер маман ретінде, әрі көпті көрген тәжірибелі кеңесші ретінде төмендегідей деп жауап беріпті: "Қырғыз Республикасы Кедендік одақтың құрамына кіргеннің өзінде бұл ұзаққа созылатын әлденеше сатылы процесс. Сондай-ақ Қырғыз Республикасында тіркеуде тұрған автокөліктерді кедендік ресімдеусіз сатып алу және пайдалану заңсыз әрекет болып табылады. Сондықтан сіз мұндай көліктерді сатып алатын болсаңыз міндетті түрде кедендік декларациялаудан өткізіп, Бірыңғай кедендік тариф ставкалары бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге тиіссіз" депті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны