01.06.2007, 15:23 2985

Қырғыз оппозициясы Ресеймен конфедерациялық одақ құру үшін қол жинай бастады

БІШКЕК. 1 - маусым. Kazakhstan Today. Қырғыз оппозициясы Ресеймен конфедерациялық одақ құру үшін қол жинай бастады. Бұл туралы экс-премьер, "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" біріккен фронтының жетекшісі Феликс Кулов Тәуелсіз Бішкек телевидениесіне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ф. Кулов бүгінде Ресей Федерациясында мыңдаған қырғызстандықтар жұмыс істеуде, олар республика экономикасын отандағы өз отбасыларына ақша аударумен қолдап отырғандығын хабарлады.

"Адамдар Ресеймен одақ құруды сөзбен ғана қолдаған жоқ, "өз аяқтарымен" де дауыс берді, енді оны қандай да бір жолмен рәсімдеу ғана қалды",- деді оппозиция жетекшісі.

Ол, келешекте одақта ортақ үкімет және экономикалық кеңістік болатындығын жоққа шығармады. "Бұл одақта қандай да бір ортақ бюджет, ортақ кедендік саясат, бірыңғай экономикалық кеңістік, және де ,мүмкін, бірыңғай валюталы бақылау формасы болуы мүмкін",- деп атап өтті біріккен фронт жетекшісі. "Бірыңғай үкімет болуы да мүмкін",- деп қосты ол.

Куловтың пікірінше, одақ тек мемлекеттік және ұлттық егемендіктің сақталу шартымен ғана құрылады.

Экс-премьердің айтуынша, Қырғызстан Республикасы мен Ресейдің конфедерациялық қағидада мемлекетаралық одағын құру туралы мәселесі Қырғызстан азаматтарының екінші ұлттық жиналысының күн тәртібіне енгізілген. Оны оппозиция 2-маусымға белгілеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны