04.09.2007, 16:38 2996

Қырғыз парламентінің депутаты Садырбаев өзіне қастандық жасалды деп мәлімдеді

Қырғыз парламентінің депутаты Дооронбек Садырбаев өзіне қастандық жасалғанын мәлімдеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғыз парламентінің депутаты Дооронбек Садырбаев өзіне қастандық жасалғанын мәлімдеді.

"Өткен түнде маған қастандық жасалды",- деп мәлім етті бүгін парламенттің отырысында сөз сөйлеген Д. Садырбаев. "Егер мені өлтіргілері келсе, өлтірсін",- деп қосты ол.

Депутат жасалған қастандықтың егжей-тегжейін хабарламады, бірақ оның Ақсый оқиғасының себебі туралы жасаған баяндамасына байланысты болуы мүмкін, деген болжам жасады. (2002 жылдың наурызында Жалал-Абад облысының Ақсый ауданында республиканың құқық қорғау органдары тұрғындардың бейбіт шеруіне қарсы оқ атқан болатын, соның салдарынан 5 адам қайтыс болған).

"Тіптен Ақаев пен Бакиев тандемі менің өмірімді қиғанмен, Аксыйдағы қайғылы оқиғасының шынайы себебі жөніндегі менің баяндамамды жоя алмайды",- деп мәлім етті депутат.

Д. Садырбаевтың пікірінше, оны өлтіруге республиканың атақты криминалдық белсендісіне "тапсырыс берген".

Парламенттің бүгінгі отырысында депутаттар Қырғызстанның Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне Д. Садырбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сәйкес қаулыға халық қалаулыларының көбісі дауыс берді. Құжаттың орындалуына бақылау қою қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитетке жүктелді.

Сонымен қатар Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне милицияға депутаттан қастандық жасалғаны туралы арыз түспегендігін хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, республикада билік ауысқаннан кейін парламенттің үш депутаты өлтірілген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны