09.04.2008, 16:45 3321

Қырғыз парламентінің комитеті Тараз - Талас - Суусамыр жолын жөндеуге Ислам даму банкінің несиелік қаражатын бөлуді мақұлдады

Қырғыз парламентінің комитеті Тараз - Талас - Суусамыр жолын жөндеуге Ислам даму банкінің несиелік қаражатын бөлуді мақұлдады

Бішкек. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз парламентінің комитеті Тараз - Талас - Суусамыр жолын жөндеуге Ислам даму банкінің несиелік қаражатын бөлуді мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасы парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба парламенттің өнеркәсіп, сауда, туризм, шағын және орта бизнес, көлік, коммуникация, құрылыс және сәулетті дамыту комитетінің отырысында мақұлданған. Парламент талқылауына ол жақын арада ұсынылады.

Жобаға сәйкес ұзындығы 52 шақырым болатын Қазақстанның Тараз қаласы мен Қырғызстанның Суусамыр елдімекенінің арасындағы жолды жөндеу жұмыстары үш жылға берілген несие қаражатының арқасында іске аса бастады. Алайда, құрылыс материалдары қымбаттағаннан кейін қосымша қаражат қажет болды. Осыған байланысты Ислам даму банкі қосымша 3 млн АҚШ долларын бөлуге келісті.

Жолдың Бішкек - Ош трассасымен түйісер жерінен бастап Өтмек асуы арқылы Талдыбұлақ ауылына дейінгі бөлігі жөнделіп жатыр. Оны үстіміздегі жылдың қараша айында аяқтау көзделіп отыр.

Биыл үш жылдық бағдарламаға сәйкес тағы да Ислам даму банкінің күшімен екінші сатыны қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұған 10 млн АҚШ доллары бөлінеді деп күтіліп отыр. Бұл қаржыға жолдың 52 шақырымы мен 90 шақырымының аралығы жөнделеді. Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Тараз - Талас - Суусамыр трассасын қайта жөндеуден өткізу жобасы Қырғызстанның бес халықаралық көлік дәлізін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді қарастыратын бес басым бағыттардың қатарына қосылған.

1 АҚШ доллары Қырғызстанда 36,5 сомға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны