24.01.2019, 20:36 30019

Қырғыз Республикасыныӊ шекара жасағы Қазақстанға жылқы айдап өтпек болған 3 шекара бұзушыға қарсы қару қолданудан бір адам қаза тапты

Қайтыс болған шекара бұзушы бұған дейін ҚР ҚК 392 бабы "Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасын қасақана заӊсыз кесіп өту" бойынша сотталғандығын айту қажет, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 23 қаӊтарда Тараз шекара отрядыныӊ "Жасөркен" заставасына қарама-қарсы жерде, Қырғыз Республикасыныӊ шекара жасағы 10 жылқыны Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына айдап өтпекші болған 3 шекара бұзушыларды ұстау әрекетін жасаған.

Ұстау кезінде шекара бұзушылар суық қаруды қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Аталған жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Нәтижесінде бұзушылардыӊ бірі оқ тиген жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам жылқылармен Қазақстан Республикасы аумағында жасырынған.

Сағат 12.15-те оқты жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасыныӊ азаматы, тергеу мүддесінде белгілік мәліметтері жарияланбайды) Талас ауылы ауруханасына тасымалдау кезінде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Тараз шекара отрядыныӊ күштері және құралдарымен шекара бұзушылар мен жылқыларды іздеу іс-шаралары жүргізілуде.

Қайтыс болған шекара бұзушы бұған дейін ҚР ҚК 392 бабы "Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасын қасақана заӊсыз кесіп өту" бойынша сотталғандығын айту қажет, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны