23.10.2015, 21:12 4422

Қырғыз түрмесінен қашқан соӊғы содырдыӊ көзі жойылды

Қырғыз түрмесінен қашқан 9 содырдыӊ соӊғысы құрықтау операциясы кезінде оққа ұшты. Алтынбек Итибаев Бішкектегі тұрғынүйлердіӊ бірінде жасырынып, күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс-шабыс кезінде тағы бір миниция қызметкері мен екі тұрғын да көз жұмған

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Қырғыз түрмесінен қашқан 9 содырдыӊ соӊғысы құрықтау операциясы кезінде оққа ұшты. Алтынбек Итибаев Бішкектегі тұрғынүйлердіӊ бірінде жасырынып, күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс-шабыс кезінде тағы бір миниция қызметкері мен екі тұрғын да көз жұмған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көпқабатты үйлердіӊ біріндегі пәтерге бекініп алған Итибаев "Калашниковпен" атысып, біразға дейін арнайы жасақты табалдырықтан аттап бастырмапты. Ақыры граната қолдануға тура келген. Жойқын жарылыс салдарынан жапсарлас пәтердегі екі тұрғын да бақилық болды. Негізі арнайы операция басталмас бұрын тұрғындардыӊ барлығы экокуацияланған екен. Ал екі адамныӊ қалай іште қалып қойғаны белгісіз. Атыс кезінде сондай-ақ арнайы жасақ қызметкерініӊ бірі ауыр жараланып, кейін ол ауруханада көз жұмды. Естеріӊізге салсақ, 9 содыр Шу облысындағы түрмеден 12-ші қазан күні қашқан болатын. Бесеуі сол күні-ақ ұсталса, топ жетекшісі күні кеше қолға түсті. Ал қалған үш лаӊкестіӊ көзі жойылды, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны