15.01.2007, 16:46 3259

Қырғызстан 1-сәуірден бастап шетелдіктердің республика базарларында сауда істеуіне тыйым салады

БІШКЕК. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан үкіметі осы жылдың 1-сәуірінен бастап шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың республика базарларында сауда істеуіне тыйым салады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы Айгүл Рысқұлова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А. Рысқұлованың сөзіне сүйенсек, қырғыз үкіметінің қаулысына сәйкес шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар сауда-базар кешендерінде, шағын базарлар мен тұрақты емес сауда орындарында көтерме және бөлшек саудамен шұғылдану құқығынан айырылады. Сондай-ақ, тұрақты сауда орындарында, дүкендер мен сауда орталықтарындағы шетелдіктердің саны кәсіпкерлердің жалпы санының 10 пайызынан аспауы қажет.

"Қаулы ішкі еңбек нарығын қорғау үішн қабылданған және де Қырғызстанның бөлшек сауда саласындағы, тек базарда еңбек етіп жүрген мамандығы жоқ жұмысшыларға ғана қатысты",- деді ол.

А. Рысқұлова үстіміздегі жылдың 1-сәуіріне дейін республика аумағын 5-6 мың адамның тастап шығуы қажет екендігін атап өтті. Қырғызстан үкіметі шетелдіктерге осы мерізімге дейін өз тауарларын өткізіп, елден кетуге ұсыныс жасап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны