30.06.2008, 18:44 7369

Қырғызстан 2009 жылы БҰҰ комиссиясына төрағалық етуге дайын

Қырғызстан 2009 жылы БҰҰ комиссиясына төрағалық етуге дайын

Бішкек. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан 2009 жылы БҰҰ комиссиясына төрағалық етуге дайын, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасары Асқар Бешімовтың БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысының орынбасары Паоло Гароннамен кездесуі өтті. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында Қырғызстанда бірлескен Еуропа экономикалық комиссиясы мен тұрақты хатшылық қызметін қоса атқаратын БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдіктерін ашу мәселелері талқыланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Еуропалық экономикалық комиссияға төрағалық ету ұсынысы Қырғызстанға 2008 жылдың мамыр айында Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудиновтың БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Марек Белькамен кездесуі барысында жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны