29.04.2008, 17:09 3186

Қырғызстан астық шығаруға енгізген тыйымға қарамастан жоспарланған 300 мың тонна астығын Қазақстаннан алады

Қырғызстан астық шығаруға енгізген тыйымға қарамастан жоспарланған 300 мың тонна астығын Қазақстаннан алады

Бішкек. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Қазақстанның астық шығаруға енгізген тыйымына қарамастан бұрыннан жоспарланған 300 мың тонна астығын алады. Бұл туралы "Ақ Жол" Халықтық партиясының бірінші съезінің делегаттарымен кездесу кезінде Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудинов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ол мұндай келісімге Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында қол жеткізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл қор оқыс оқиға бола қалған жағдайда елге 3 айға азық болады.

Қырғызстанның үкімет басшысының айтуынша, жеңілдетілген бағамен 291 мың жанұяға ұн сату мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Бұлар тек кедей және аса кедей азаматтар. Біз қазіргі бюджет жағдайында бүкіл қырғызстандықтарды қамтамасыз етуге шамамыз жетпейді. Сондықтан көмек те атаулы болады", - деп сөзін түйді И. Чудинов.

Қазіргі күні Қырғызстанның мемлекеттік материалдық резервінің қорында 62 мың тонна астық бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны