28.06.2007, 17:33 2705

Қырғызстан азаматтарының 60% астамы ел Қазақстанмен ынтымақтастыққа басымдық беруге тиіс деп санайды - әлеуметтік сауалнама

БІШКЕК. 28- маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстан азаматтарының 62%-і ел Қазақстанмен ынтымақтастыққа басымдық беруге тиіс деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Гэллап/Балтик Сервис" компаниясының сарапшысы Раса Алишаускене құлағдар етті. Бұл ұйым Қырғызстанда қоғамдық пікірге кең көлемді зерттеу жүргізген.

Р. Алишаускененің айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың жауабында Қазақстан екінші орында, ал Ресей Федерациясы - бірінші орында тұр. Ресеймен қарым-қатынасты дамытудың пайдасына сауалнамаға қатысқандардың 93% дауыс берген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны