03.03.2008, 18:54 3308

Қырғызстан базарларындағы сауда-саттық көлемі 2007 жылы 8,6%-ға өсті

Қырғызстан базарларындағы сауда-саттық көлемі 2007 жылы 8,6%-ға өсті

Бішкек. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан базарларындағы сауда-саттық көлемі 2007 жылы 8,6%-ға өсті. Бұл туралы Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров 2 наурызда губернаторлар мен әкімдердің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің ақпаратына сәйкес, облыстардың барлығында да сауда-саттық көлемі 6%-дан 29%-ға дейін өскен. Сонымен қатар 2006 жылмен салыстырғанда былтыр азық-түлік кәсіпорындарының айналымын қоса алғанда бөлшек сауда айналымы 9,4%-ға өсті. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын өнімдердің айналымы тиісінше 7,9% және 11,2%-ға өсті.

Министрліктің облыстық-аймақтық бөлімдерінің мәліметінше, өткен жылы ел аумағында 418 көтерме және бөлшек сауда базарлары жұмыс істеп, оларда 223 мыңнан астам адам нәпақа тапты. Сауда базарларының санымен Бішкек алда келеді, мұнда түрлі саладағы 113 базар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны