10.08.2006, 15:56 3209

Қырғызстан бес босқынды Өзбекстанға қайтарып берді

БІШКЕК. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан былтырғы жылдың мамыр айындағы Индіжан оқиғаларынан кейін елге қашып келген бес босқынды Өзбекстанға қайтарып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республиканың құқық қорғау мекемелеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның бес азаматы 9-тамызда еліне қайтарылған. Өзбекстан өкіметі оларды Индіжан оқиғаларын ұйымдастырған деп айыптауда. Қырғызстанның құқық қорғау ұйымдары бұл адамдарды қайтарып беруде халықаралық құқық нормалары бұзылды деп санайды. Өзбекстанның бес азаматының төртеуінде босқын мәртебесі, ал бесіншісінде бас сауғалаушы деген мәртебе болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтырғы жылдың мамыр айындағы Индіжан оқиғаларынан кейін Өзбекстанның 500 азаматы Қырғызстанға қашып келген болатын. Осыдан екі айдан кейін олардың басымы бөлігі босқын деген мәртебе алып, Еуропа елдеріне шығарылды. Қырғызстанда Өзбекстанның бес азаматы ғана қалған. Оларға ресми Ташкент аса ауыр қылмыстар жасаған деген айып тағып отыр. Бұл азаматтар 2005-жылдың маусым айынан бері Оштағы тергеу абақтысында отырған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны