07.09.2006, 12:47 3100

Қырғызстан ІІМ АҚШ әуебазасының әскери қызметкері ұрланды деген жорамалды жоққа шығаруда

БІШКЕК. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан ІІМ АҚШ әуебазасының әскери қызметкері Джил Мецгер ұрланды деген жорамалды жоққа шығаруда. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ Мұрат Суталинов бүгін журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл - адам ұрлау оқиғасы дей алмайтын",- деді министр. Оның айтуынша, АҚШ азаматшасын босату үшін құн талап еткен ешкім жоқ. Құқық қорғау мекемелерінде АҚШ азаматшасы тірі әрі аман табылатынына айғақтар көп, деді министр.

Қырғызстан ІІМ-нің айтуынша, Дж.Мецгер АҚШ әуебазасының әскерилері тобын басқарады, олар Бішкекке заттар сатып алу үшін келген. Ережеге сәйкес әскерилер жалғыз жүруге тиіс емес. Дж.Мецгер сауда орталығында әріптесімен бірге жүрген. Артынан ол әріптестерін шығаберісте тосып тұрамын деп хабар берген. Осыдан кейін ол дүкеннен шығып кеткен.

Тергеушілер тобының анықтауынша, Дж.Мецгердің Бішкектегі Шығыс автобекетінде жүргенін және ол жерде телефон-автоматтан қоңырау шалғанын көрген куәгерлер бар.

М.Суталиновтың айтуынша, жоғалып кеткен АҚШ азаматшасын құқық қорғау мекемелерінің таңдаулы қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1973-жылы туған АҚШ азаматшасы Дж.Мецгер 5-қыркүйекте Бішкектегі сауда орталығына барғанан кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны