03.12.2009, 15:31 4052

Қырғызстан Қарқара өзені суының тең жартысы Ыстықкөл облысының жерлерін суаруға жұмсалуын талап етеді

Қырғызстан Қарқара өзені суының тең жартысы Ыстықкөл облысының жерлерін суаруға жұмсалуын талап етеді

Бішкек. 3 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қырғызстан Қазақстан мен Қырғызстан аумағы арқылы ағатын Қарқара өзені суының тең жартысы Ыстықкөл облысының жерлерін суаруға жұмсалуын талап етеді. Бұл туралы Қырғызстан үкімет басшысы Данияр Үсенов сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Д. Үсеновтың айтуынша, Қазақстан жаңа су электр станциясын сала бастауға байланысты Қарқара өзені суын Ыстықкөл облысының жерлерін суаруға жұмсалуына қатысты мәселені дәйектеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. "Біз өзендердің суы Кеңес одағының кезеңіндегі принциптер бойынша пайдаланылуға тиіс деп санаймыз, атап айтсақ, Қарқара өзенінің суының 50%-ы Ыстықкөл облысының жерлерін суаруға және Ыстықкөлді толтыруға пайдаланылуы тиіс", - деді Д. Үсенов.

"Бұл мәселе бойынша Қырғызстан және Қазақстан жағында қарама-қайшылық жоқ", - деді Қырғызстан үкімет басшысы.

Қарқара өзенінің суын пайдалану мәселесі таяуда Астанада өткен Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келіссөздер кезінде талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны