06.04.2007, 10:27 1682

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары оппозиция қатарына өтетіні жөнінде мәлімдеді

БІШКЕК. 6 сәуір . Kazakhstan Today. Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Алик Оразов отставка туралы өтініш білдіріп , оппозиция қатарына өтетіні жөнінде мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

А.Оразовтың ел президенті Қ.Бакиевтың атына жазған ашық хатында көрсетілгендей, 2005 жылы наурыз айында болған төңкеріс "халықтың үмітін ақтамады".

"Тумай жатып тұншықтырылған наурыз төңкерісінен кейін жалған масаттану болды, көп ұзамай халық мүлдем түңіліп, ашына бастады", -деді ҚР ҚК хатшысының бұрынғы орынбасары. "Қоғамдық сана наразылық танытуда, халық қоғамды тоқырауға , ал мемлекетті өзін-өзі жоюға итермелейтін отбасылық - кландық басқару жүйесіне қарсы шығып жатыр",-деді ол.

А.Оразовтың пікірінше, қазіргі билік "өзінің теріс әрекеттерімен түрлі наразылық акциясына итермелер отыр". Автордың айтуына қарағанда, "қоғамдағы саяси жағдайдың қайнау температурасы шегіне жетіп, әлеуетті екі тартылыс нүктелерін тудырды".

"Президент пен оның жақтаушылары жүргізіп жатқан саясат пен қазіргі билік жүйесі менің өмірлік наным-көзқарасыма қайшы келеді, сондықтан да шіріген, халыққа қарсы билік жүйесінің мүддесін қорғау мүмкін емес деп есептеймін",-деп мәлімдеді А.Оразов.

Елбасына жазған ашық хатында ол "халықтың мүддесі үшін күресетін және барлық қырғызстандықтардың жарқын болашағы үшін игілікті мақсат еткен күштерді" қолдайтындығын хабарлаған.

А.Оразовтың отставкасы жөніндегі бұйрыққа президент Қ.Бакиев кеше түстен кейін қол қойды. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының жаңа орынбасары болып Камшыбек Құрбанәлиев тағайындалды, ол осыған дейін Қырғызстан шекара қызметінің Шу шекара отрядының бастығы қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны