01.07.2015, 13:15 3612

Қырғызстан көліктері Қазақстанныӊ нарығына еркін енетін болады - ҰЭМ

Қырғызстаннан сол елге 2014 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін әкелінген автокөліктер Қазақстанныӊ нарығына еркін ене алады. Бүгін Мәжілістіӊ жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Қырғызстаннан сол елге 2014 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін әкелінген автокөліктер Қазақстанныӊ нарығына еркін ене алады. Бүгін Мәжілістіӊ жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті. Жалпы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы құжат мақұлданған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Отандық көлік өнеркәсібін Қырғызстанныӊ арзан автоөнеркәсібініӊ импортынан қорғау мақсатында, Қазақстанныӊ нарығына еркін қолжетімділікті Қырғыз Республикасыныӊ аумағына 2014 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін кіргізілген автокөліктерге рұқсат беріледі. Бұл ретте автокөліктер "Доӊғалақты көлік құралдары туралы" техрегламентке сай болуы керек", - деді Ерболат Досаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сонымен қатар министрдіӊ айтуынша, Қырғыз Республикасыныӊ ЕАЭО-қа қосылуы еуразиялық интеграция жолындағы маӊызды қадам болып табылады.

"Бұл өз кезегінде Кедендік одаққа мүше мемлекеттер үшін де, Бірыӊғай экономикалық кеӊістік үшін де тиімді болмақ. Сонымен қатар ЕАЭО-қа Қырғызстанныӊ қосылуы Орталық Азия өӊірінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеӊейте түсудегі маӊызды фактор болып табылады", - деді Е.Досаев.

Еске салайық, Қырғыз Республикасыныӊ ЕАЭО-қа қосылу туралы шартқа Қазақстан, Қырғыз, Беларусь, Ресей Президенттері 2014 жылдыӊ 23 желтоқсанында қол қойылған.

Ал Мәжіліс мақұлдаған заӊ жобасы Сенатқа жолданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны