09.03.2010, 16:14 6278

Қырғызстан "Манас" эпосы Қытайға емес, қырғыз еліне тиесілі деп дауласуда

Қырғызстан "Манас" эпосы Қытайға емес, қырғыз еліне тиесілі деп дауласуда

Алматы. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қырғызстан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне қырғыз халқының атынан "Манас", "Семетей" және "Сейтек" эпостарын енгізуге талпыныстар жасауда. Бұл туралы Қырғызстанның мәдениет жөніндегі мемлекеттік агенттігінің төрағасы Ибрагим Жунусов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Фергана.ру" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қырғызстан үкіметіндегі комиссия 1 сәуірге дейін ресми түрде ЮНЕСКО -ға арнап өтініш дайындауға тиіс.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың қазан айында "Манас" эпосы Қытайдың атынан бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Бұл жаңалық Қырғызстан азаматтарының арасында қызу қарсылық тудырды, ондағылар қырғыз эпосының "қытайлық" эпосқа айналып шыға келгеніне ашу білдіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны