18.08.2008, 18:35 2890

Қырғызстан мен АҚШ ядролық материалдардың заңсыз айналымының алдын алу жөніндегі меморандумға қол қойды

Қырғызстан мен АҚШ ядролық материалдардың заңсыз айналымының алдын алу жөніндегі меморандумға қол қойды

Бішкек. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен АҚШ үкіметтері ядролық материалдардың заңсыз айналымының алдын алу жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, меморандум техникалық және әдістемелік ынтымақтастық орнату арқылы, соның ішінде Қырғызстанның бақылау-өткізу бөлімдерінде материалдарды табу мен табиғатын анықтаудың техникалық жүйелерін орнату және оларды модернизациялау арқылы ядролық және басқа да радиоактивтік материалдардың заңсыз тасымалдану оқиғаларын анықтау және оның алдын алу мәселелерін реттейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны