03.04.2008, 19:30 3309

Қырғызстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері шекарада болған оқиғаны талқылайды

Қырғызстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері шекарада болған оқиғаны талқылайды

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев пен Тәжікстанның сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи екі ел арасындағы шекарада болған оқиғаны талқылайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлім еткендей, бұл мәселе Ашхабадта 9 сәуір күні Орта Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің Еуроодақ өкілдерімен кездесуі кезінде өзге де мәселелермен бірге қарастырылатын болады.

Бұрын хабарлағанымыздай, оқиға 26 наурызда болған. Құрамында Тәжікстанның Исфари ауданының хакімі, күш құрылымдарының өкілдері бар 150 адамнан тұратын топ мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қырғызстан аумағындағы егін шаруашылығына кедергі келтіретін, қайта жөндеуден өткізіліп жатқан бөгетті бұзбақшы болған. Тіпті Баткеннің шекара отрядының басшысы мен шекара жасағына шабуыл да жасамақшы болған. Ол әрекеттері тек қаруларды оқтау туралы бұйрық берілгеннен кейін ғана іске аспаған.

Қазіргі уақытта су қалыпты режимде берілуде. Алайда, оқиғаны екі жақ та қызу талқылап жатыр. Атап айтқанда, оны Қырғызстан парламентінің депутаттары бұрын да талқылаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны