30.03.2007, 17:14 3199

Қырғызстан оппозициясы коалициялық үкімет құруға қатысудан бас тартты

БІШКЕК. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан оппозициясы Алмазбек Атамбаевтың басқаруымен коалициялық үкімет құруға қатысудан бас тартты. Осы жөніндегі біріккен мәлімдемені бүгін оппозициялық "Реформалар үшін" қозғалысы мен "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" біріккен фронты таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қырғызстан президенті халыққа берген бір де уәдесін орындаған жоқ",- делінген біріккен мәлімдемеде. "Билік сыбайлас жемқорлықты ынталандырса, қылмыс әлемі оның ықыласына ие",- дейді оппозиция жетекшілері.

Осыған байланысты оппозициялық "Реформалар үшін" қозғалысы мен "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" біріккен фронты "Алмазбек Атамбаевтың басқаруымен коалициялық үкімет құруға қатысудан бас тартады". Тараптар сонымен бірге республиканың жаңа конституциясының біріккен жаңа жобасын жасап, 11-сәуірден бастап президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы талаппен мерзімсіз наразылық шараларын өткізуге келіскен.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, екі оппозициялық ұйым да бір-бірін дербес саяси күш деп таниды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны