15.01.2008, 13:28 1972

Қырғызстан оппозициясы қоғамдық парламентті құруда

Қырғызстан оппозициясы қоғамдық парламентті құруда

Бішкек. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық "Иділеттілік үшін" қозғалысы форумының қатысушылары қоғамдық парламентті құру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қоғамдық қозғалысының үйлестіру кеңесіне сілтеме жасай отырып.

Барлық саяси ұйымдардың өкілдері парламент жұмысына қатысуға ниет білдерді. Қоғамдық қозғалысы мүшелерінің айтуынша, бұл бүгінгі парламентке балама ретіндегі ұйым болып, Қырғызстан Республикасының Жоғорку кеңешінде талқыланатын заң жобаларына қатысты екінші бір көз қарастар мен пікірлерді білдіретін болады.

"Біздер дауыс беру қорытындыларын қайта қарастыру үшін, халықаралық соттардың көмегіне жүгінуіміз керек. Сонымен бірге, біз тәуелсіз телевизияны құру арқылы, оппозицияның жеке ойы мен істерін халыққа жеткізетін боламыз, деп мәлімдеді "Демократия мен азаматтық қоғамдық" бірлескен қоғамдық коалиция жетекшісі Динара Ошураханова.

Бүгін қоғамдық парламенттің мүшелері өздерінің бірінші отырысын өткізуді жоспарлап отыр. Оған 14 аса оппозициялық партияның өкілдері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

"Иділіттілік үшін" қоғамдық қозғалысы форумының қатысушылары өткен жылы өткізілген референдум және парламент сайлауын сынады. Қоғамдық қозғалыс мүшелерінің пікірінше, Қырғызстанда "барлық билік президенттің қолына өтті".

"Иділіттілік үшін" қоғамдық қозғалысы форумының мүшелері сондай-ақ, жоспар бойынша осы жылдың наурыз-сәуір айында халық құрылтайын өткізетінін хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны