28.03.2007, 18:18 3145

Қырғызстан оппозициясы президенттен сайлау алдында берген уәделерін орындауды талап етуде

БІШКЕК. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан оппозициясы президент Құрманбек Бакиевтен сайлау алдында берген уәделерін орындауды талап етуде және мерізімсіз наразылық шарасын өткізбек ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Реформалар үшін " қозғалысының" мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

"Реформалар үшін" қозғалысы Қырғызстан Республикасының президенті Қ. Бакиевтен түбегейлі реформа жүргізуді жене өзінің сайлау алдында Қырғызстан халқына берген уәделерін орындауды талап етуін жалғастыруда",- деп көрсетілген таратылған құжатта.

Оппозицияның мәлімдемесінде республикадағы қоғамдық-саяси ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық танытылған. Қозғалыс көшбасшыларының пікірінше, Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиетің 2007 жылдың 23-наурызындағы Қырғызстан халқына арнаған ресми жолдауы "ел тұрғындарының үмітін ақтамады".

"Бізге Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевтің реформа жүргізуге ниетті емес екендігі белгілі болды",- деп атап көрсетілген оппозицияның мәлімдемесінде. "Жоғарыдағы шенеуніктердің ел басшысының жүргізіп отырған саясатымен келіспейтіндіктері туралы айтылған соңғы мәлімдемелері, сонымен қатар Қырғызстан Республикасының бас прокурорын тағайындау және басқа да мамандарды ауыстыруға қатысты былықтар мемлекеттік басқару жүйесіндегі дағдарыс пен биліктің елдегі қоғамдық-саяси ахуалды бақылауы мүмкін емес екендігінің куәсі",- деп атап көрсетілген құжатта.

Осыған байланысты "Реформалар үшін" қозғалысы, қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал мен оның одан әрі өршуіне толығымен атқарушы билік жауапты, деп мәлімдеді.

"Реформалар үшін" қозғалысы мен "Қырғызстанның лайықты келешегі үшін" бірккен фронты Қырғызстан оппозициясының жетекші күші болып табылады. Бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов басқаратын біріккен фронт осы жылдың 9-сәуірінде бүкіл республика бойынша мерзімінен бұрын президент сайлауы мен кезекті конституциялық реформа жүргізуді талап етіп, мерізімсіз наразылық шарасын бастауды жоспарлап отыр. 11-сәуірден бастап Ф. Куловтың жақтастары осы тектес шараны Бішкекте де жүргізбек.

Өткен аптада жетекшілері көптеген парламентшілер мен белгілі саяси қайраткерлер болып табылатып "Реформалар үшін" қозғалысының қатыранда жік шықты. Оппозиционерлердің жартысы билік өкілдерімен бейбіт мәмілеге келуге дайын, ал басқалары мерізімінен бұрын президент сайлауын өткізу мүмкіндігіне қол жеткізбек ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны