04.04.2007, 19:02 3060

Қырғызстан оппозициясының талаптары ел арасына жік салуы мүмкін, деп санайды Республиканың жаңа премьері

БІШКЕК. 4 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан оппозициясының талаптары ел арасына жік салуы мүмкін. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мерзімінен бұрын президент сайлауын ұйымдастыру мүмкін емес, себебі бұл халықты қақ жарып, жік салуы мүмкін",- деп атап өтті Алмазбек Атамбаев. Қырғызстан үкіметінің жаңа басшысы оппозиция жетекшісі Феликс Құловтың 11-сәуірде билікті бейбіт жолмен өткеріп беру туралы мәлімдемесін ойланбай айтылған сөз деп атады.

Сонымен қатар, А. Атамбаев оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші вице-министр лауазымына оппозиция өкілі тағайындалатын болады. Бірақ оның нақты кім екендігін үкімет басшысы айтпады.

Премьер-министр оппозицияның жаппай іс-шаралары барысында тәтірпсіздікке жол берілмейтіндігін айтты. А. Атамбаев митингіге өзі келуді жоспарлауда.

"Барамын, тыңдаймын, өз пікірімді айтамын",- деп атап көрсетті үкімет басшысы. Ол сондай-ақ, егер республикадағы бейбітшілік үшін қажет болса, өзінің қызметтен кез-келген уақытта кететіндігін айта кетті. "Егер елдің тыныштығы үшін менің өз орнымнан кетуім керек болса, мен дайынмын",- деп мәлім етті А. Атамбаев.

Премьер-министр сондай-ақ оппозиция жетекшілерінің бірі Кубатбек Байболов дайындаған Конституцияның кезекті нұсқасына қарсы екендігін айтты. А. Атамбаевтың айтуынша, Негізгі заңның ұсынылған редакциясы республика үкіметіне артық құзырет береді. А. Атамбаевтың пкірінше, Қырғызстан бұған "әзірге дайын емес".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны