31.05.2010, 18:07 7270

Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы шекаралық бекетті жапты

Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы шекаралық бекетті жапты

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Баткен облысында Өзбекстанмен арадағы "Қайтпас" шекаралық бекетін жапты, ол арқылы Өзбекстанның Риштан қаласына апаратын жол өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның Akipress агенттігіне сілтеме жасап.

Баткен облыстық мемлекеттік әкімшілігіне сілтеме жасай отырып Akipress агенттігінің хабарлауынша, "шекаралық бекет 30 мамырдан бастап Қырғызстанның Шекара қызметінің шешіміне сәйкес Өзбекстанмен арадағы шекаралық ахуалдың ушығуына байланысты жабылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны