05.04.2007, 18:12 3419

Қырғызстан парламенті 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады

БІШКЕК. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын бүгін екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қабылданған заң жобасына сәйкес, ағымдағы жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 26,217 млрд сом, шығыс бөлігі 32, 161 млрд сом болмақ. Бюджеттің шектеулі тапшылығы 4 млрд сомнан асады, тапшылықтың бір бөлігін халықаралық ұйымдардың гранты есебінен жабу көзделуде.

Заң Қырғызстан президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

1 АҚШ доллары 38 сомға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны