18.04.2008, 17:12 3068

Қырғызстан парламенті электр қуатын төтенше түрдегі тауар деп танитын заң жобасын мақұлдады

Қырғызстан парламенті электр қуатын төтенше түрдегі тауар деп танитын заң жобасын мақұлдады

Бішкек. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті электр қуатын төтенше түрдегі тауар деп танитын заң жобасын мақұлдады. Бұл құжатты бүгін Қырғыз парламентінің отырысында заң жобасы бастамашыларының бірі - Қырғызстан парламентінің отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы депутат Юрий Данилов таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасын 67 депутат қолдады. Құжат Қырғызстан президентінің қол қоюына ұсынылды.

Ю. Даниловтың айтуынша, таныстырылған заң жобасының мәні электр қуатын қызметтер реестрінен тауарлар қатарына қосуға саяды.

"Демек, бұл анықтама заңнамадағы барлық екіұдай түсіндірулер жойлады, электр қуатын ұрлағаны үшін тауар ұрлығы секілді жаза, соның ішінде қылмыстық жаза қарастырылған", - деді депутат.

Оның мәліметінше, 2007 жылы Қырғызстанда 1 млн 121 мыңнан астам абонент тіркеліп, электр қуатын ұрлау бойынша 89 824 акт қозғалған. "Бұл актілер бойынша 123 мыңнан астам сомның айыппұлы жүктеліп, алайда, небәрі 44 мыңы ғана өтелген, бұл - 35%", - деді Ю. Данилов.

Сонымен бірге оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, электр қуатын беруші жарық бермей қою немесе сапасыз электр қуатын беруге байланысты жауапкершілік, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік жүктейтін болады. Депутаттың айтуынша, шығын көлемі арнаулы инструкциялар бойынша, ал өтем энергетикалық компания өкілінің соңғы тексеруі жүргізілген күннен бастап есептеледі.

Депутат Осмонбек Артықбаев осындай жаңалыққа байланысты "егер бұрын энергетиктер пара талап етсе, енді құқық қорғау органдары оны талап етпек" деген пікір білдірді. Алайда Ю. Данилов "көрсеткіштер мен мәліметтерге күш құрылымдары емес, тек энергетикалық компаниялардың өкілдері ғана қол жеткізе алатынын" айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны