25.01.2007, 14:21 3104

Қырғызстан парламенті Ф.Құловты тағы да премьер министр қызметіне бекітпеді

БІШКЕК. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның Жогорку кенеш

(парламент) депутаттары Ф.Құловты премьер министр етіп тағайындауға тағы да қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Депутаттар бүгінгі отырысты конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және заңдылық жөніндегі парламент комитеті дайындаған қаулы жобасын талқылаудан бастады. Жобада Қырғызстан президентінің Феликс Құловты премьер-министр қызметіне тағайындауға берген келісімі туралы ұсынысын кері қайтарып, мемлекет басшысына Қырғызстан парламентінің қарауына жаңа кандидатура енгізуіне ұсыныс жасалған еді. Депутаттар құжатты мақұлдамады.

Осыдан кейін депутаттар Ф.Құловтың кандидатурасын премьер министрлікке бекіту мәселесін тағы да талқылады. Оны 25 депутат қолдаса , 38 -қарсы дауыс берген, екі бюллетень жарамсыз деп танылды.

Республика заңына сәйкес, Қырғызстан президенті премьер-министр қызметіне бір кандидатураны парламенттің қарауына үш мәрте ұсынуға құқылы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай , алғашқы рет Ф.Құловтың кандидатурасына қатысты дауыс беру парламентте осы жылдың 18 қаңтарында өтті. Кандидатураны бекіту үшін 38 адамның дауысы керек, ал Ф.Құловты небәрі 23 депутат қолдады. Қырғызстанның көптеген саяси қайраткері , парламенттің ұсынылған кандидатураны қолдамауы - ел президенті Қ.Бакиев үшін Ф.Құловтан құтылу үшін қолайлы жағдай, деген еді.

Ф.Құловтың басқаруындағы ҚР министрлер кабинеті өз еркімен отставкаға кету туралы шешімді өткен жылы 19 желтоқсанда қабылдаған боалтын. Ел үкіметі "жаңа реформаларға жол ашу үшін" жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда, Қырғызстан үкіметінің құрамы жаңа министрлер кабинеті тағайындалғанша өз міндеттерін атқаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны