25.01.2007, 12:17 3105

Қырғызстан парламенті Ф.Құловтың кандидатурасын премьер министр қызметіне қайтадан қарап жатыр

БІШКЕК. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның Жогорку кенешінің (парламент) депутаттары үкімет басшысы қызметіне қайтадан Феликс Құловтың кандидатурасын қарап жатыр. деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Депутаттар конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және заңдылық жөніндегі парламент комитеті қаулысының жобасын талқылауда.

Жобада Қырғызстан президентінің Феликс Құловты премьер-министр қызметіне тағайындауға берген келісімі туралы ұсынысын кері қайтарып, Елбасына Қырғызстан парламентінің қарауына жаңа кандидатура енгізу жөнінде ұсыныс жасалған.

Парламенттің салалық комитеті осы жылдың 22 қаңтарындағы президенттің ұсынысын кері қайтару туралы шешім қабылдады. Комитет өкілдерінің пайымдауынша, президент бір адамның кандидатурасын парламенттің қарауына екі мәрте ұсына алмайды.

Келесі күні Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі премьер министр аппаратының заң бөлімінің қортындысын жариялады. Қортындыда айтылғандай, Жогорку кенеш салалық комитетінің уәжі "Конституцияда белгіленген үкіметті қалыптастыру принциптеріне қайшы келеді".

Құжатта көрсетілгендей, салалық комитет "өз құзыретін асыра пайдаланған, себебі оның қорытындысы премьер министр кандидатурасы бойынша емес, Қырғызстан Республикасы президентінің кандидатура ұсынуға шешім қабылдау құзыреті жөнінде, яғни мемлекет басшысының әрекетіне күдік туғызып отыр".

Бүгін депутаттар жасырын дауыс беру арқылы өздерінің пікірлерін білдіреді. Өткен жолы Ф.Құловтың кандидатурасына қатысты дауыс беру парламентте осы жылдың 18 қаңтарында болды. Кандидатураны бекіту үшін 38 адамның дауысы керек, ал Ф.Құловты небәрі 23 депутат қолдады. Қырғызстанның көптеген саяси қайраткері , парламенттің ұсынылған кандидатураны қолдамауы - ел президенті Қ.Бакиев үшін Ф.Құловтан құтылу үшін қолайлы жағдай, деген еді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ф.Құловтың басқаруындағы Қырғызстан министрлер кабинеті өз еркімен отставкаға кету туралы шешімді өткен жылы 19 желтоқсанда қабылдаған болатын. Ел үкіметі "жаңа реформаларға жол ашу үшін" жұмысын тоқтатқан болатын. Алайда, Қырғызстан үкіметінің құрамы жаңа министрлер кабинеті тағайындалғанша өз міндеттерін атқаруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны