19.02.2009, 16:57 3027

Қырғызстан парламенті коалициялық күштердің әуебазасын республика аумағында орналастыру жөніндегі келісімді бұзу жөнінде шешім қабылдады

Қырғызстан парламенті коалициялық күштердің әуебазасын республика аумағында орналастыру жөніндегі келісімді бұзу жөнінде шешім қабылдады

Бішкек. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті коалициялық күштердің әуебазасын республика аумағында орналастыру жөніндегі келісімді бұзу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шешім үшін 78 депутат дауыс беріп, екеуі қарсылық білдірсе, біреуі қалыс қалды. Қырғызстан парламентінің депутаттары бүгін "Қырғыз Республикасы мен АҚШ үкіметтері арасындағы келісімді бірлесе құрайтын Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрлігінің Америка Құрама Штаттары елшілігінің 2001 жылдың 4 желтоқсанындағы №542-ші нотасына жауап нотасын денонсациялау туралы" заң жобасына дауыс берді. Енді коалициялық әскерлер Қырғызстан аумағын жарты жылда тастап шығуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны