15.12.2006, 15:16 3196

Қырғызстан парламенті республика аумағында Ганси әуе базасының орналасуы қисынды ма деген мәселе көтерді

БІШКЕК. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Жогорку кешені бүгін өз отырысында АҚШ әскери әуе күштері әуе базасының республика аумағында бұдан былай орналасуы қисынды ма деген мәселені талқылады деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Парламентте қабылданған қаулыда үкіметке "республика аумағында Ганси әуе базасының әріқарай орналасуының қисындылығын қарастыруға", сонымен қатар "АҚШ азаматтық және әскери қызметкерлерінің Қырғызстан аумағына келу мәртебесі мен тәртібі жөніндегі АҚШ әскери контингентінің уақытша орналасуы туралы Қырғызстан Республикасы үкімет мен АҚШ үкіметі арасындағы келісімнің шарттарын қайта қарастыруға" ұсыныс жасады.

Депутаттар Манас әуе базасының әскери қызметкері қырғызстандық Александр Ивановты атып өлтірген Закари Хэтфильдті "қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстарын" жүргізу үшін Қырғызстан құқық қорғау органдарына беруді талап етуде.

Сонымен қатар, парламент өз құжатында Бас прокуратураға қырғызстандықтың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы туралы толық есеп беруді тапсырды. Сондай-ақ, парламент депутаттары үкіметке қайтыс болған адамның отбасын өтемақымен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6-желтоқсанда жергілікті уақытпен 15 сағат шамасында АҚШ әуе базасының сарбазы әуе базасының бақылау-өткізу бөлімінде "Эйркрафт Петролеум" компаниясының жанармай тасушы көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Александр Ивановты атып өлтірді. АҚШ әуе базасы басшылығының айтуынша, АҚШ әскері аэродромға қызмет көрсетуші жүргізуші тарапынан қатер төнуге байланысты оған қаратып екі оқ атқан. "АҚШ әскери әуе күштерінің жауынгері Манас әуежайындағы тексеру-өткізу бекетіне кіре берісте қатер төнуге байланысты жауап ретінде күш қолданған, оның арты өлімге апарып соқты".

Ганси әуе базасы 2001-жылдан бері Бішкектен 30 шақырым жердегі халықаралық Манас әуежайының аумағында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны