27.06.2008, 16:33 2779

Қырғызстан парламенті шенеуніктердің шығындарын 1 млрд 200 млн сомға азайту жөніндегі үкімет ұсынысын мақұлдады

Қырғызстан парламенті шенеуніктердің шығындарын 1 млрд 200 млн сомға азайту жөніндегі үкімет ұсынысын мақұлдады

Бішкек. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламенті шенеуніктердің шығындарын 1 млрд 200 млн сомға азайту жөніндегі үкімет ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Жогорку кенештің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы мәселе бойынша 2008 жылдың республикалық бюджетіне тиісті өзгертулер енгізуді қарастыратын арнайы заң қабылданған.

Атап айтқанда, үкімет 300 млн сомның астығын сатып алып, 218 млн сомның мұғалімдердің педогогикалық стажының қарызын қайтарып, айлық жалақыны көтеру туралы президент жарлығын жүзеге асыру мақсатында бюджет салаларына 208 млн сом бөліп және су тарифінің қымбаттауына байланысты коммуналдық қызметтерді қолдауға 200 млн сом табу керек болған.

$1= 35,9 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны