29.06.2007, 15:40 2938

Қырғызстан парламенті ұрланған телефондарды істен шығаруға ұялы байланыс операторларын міндеттейтін заңды қабылдады

БІШКЕК. 29 июня. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары бүгін ұрланған телефондарды істен шығаруға ұялы байланыс операторларын міндеттейтін ""Электр және пошта байланысы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, "Оперативтік іздестіру іс-қызметі туралы" және ҚР Қылмыстық кодексіне Қырғызстанның Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ұялы телефондары ұрланғаны туралы азаматтардан құқық қорғау мекемелеріне өтініш келіп түскен жағдайда милиция ұялы байланыс компаниясына номерді істен шығару жөнінде сұраныс жолдайды деп күтілуде.

Қазір Қырғызстанда sim-картаны кез-келген адам сатып алып, ұялы байланыс телефонын компанияда тіркемей-ақ пайдалана береді. Мұндай телефондар ұрланған жағдайда номерді істен шығару мүмкін емес. Олай болса, бүгін қабылданған түзетулер ұялы телефон ұрлығын біршама шектеуге мүмкіндік береді деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны