07.03.2007, 16:57 3216

Қырғызстан парламентінің депутаты елдің сыртқы қарызын апиын көкнәрін егу есебінен жабуға ұсыныс жасады

БІШКЕК. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінің депутаты Изімбек Бекназаров елдің сыртқы қарызын апиын көкнәрін егу есебінен жабуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Бішкектен Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Депутаттың пікірінше, республиканың сыртқы қарыздарын жабу үшін "өзгеше қадам жасау қажет". "Ауғанстанда 2007 жылы көкнәр өсіру туралы ресми түрде дерлік жариялаған жоқ па. Мінеки, бізге де осылай істеп, бір-екі жылға апиын өсіруге рұқсат беру керек",- деді А. Бекназаров бүгін баспасөз мәслихатында. "Осыдан кейін барлық халықаралық ұйымдар дүрлігіп, өздері-ақ елдің қарызын жабуға ұсыныс жасайды",- деп қосты депутат.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Қырғызстанның сыртқы қарызы бүгінде 2,1 млрд АҚШ долларынан асып жығылады. Осыған қарамастан Қырғызстан үкіметі HIPC сыртқы қарыздарды шығынға жазу жөніндегі бағдарламасына қатысудан бас тартқан. Осы жылы республика мемлекеттік қарызды жабуға 50 млн АҚШ долларын бөлмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны