01.04.2008, 18:26 3251

Қырғызстан парламентінің депутаттары Тәжікстан азаматтарының Қырғызстанның Баткен облысына басып кіру жайын талқылады

Қырғызстан парламентінің депутаттары Тәжікстан азаматтарының Қырғызстанның Баткен облысына басып кіру жайын талқылады

Бішкек. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламентінің депутаттары Тәжікстан азаматтарының Қырғызстанның Баткен облысына басып кіруіне байланысты оқиғаны талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"26 наурызда болған оқиға парламенттің халықаралық істер және парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитет отырысында талқыланды. Осы мәселе бойынша Қырғызстан Республикасының сыртқы істер, ішкі істер министрлерінің, Шекара қызметі басшыларының ақпараты тыңдалды", - деп хабарлады Жогорку кенештің баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай, сол күні құрамында Тәжікстанның Исфари ауданының басшысы, күш құрылымдарының өкілдері бар 150 адамнан тұратын топ мемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Қырғызстан аумағында қайта жөндеуден өткізіліп жатқан бөгетті бұзбақшы болған. Тіпті Баткеннің шекара отрядының басшысы мен шекара жасағына шабуыл да жасамақшы болған. Ол әрекеттері тек қаруларды оқтау туралы бұйрық берілгеннен кейін ғана іске аспаған.

Осы мәселені талқылаған Жогорку кенеш депутаттары екі мемлекет арасында келісілген мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді болдырмау және шекарада шиеленістік жағдайларды тудырмау бойынша ведомствоаралық және арнайы операциялар жүргізу жөнінде үкіметке кеңес берді. Сондай-ақ, олар осы шекараны делимитациялау жұмыстарын тездетуге шақырды.

Осы жайт бойынша шығарылған парламент комитетінің шешімінде Қырғызстан әрқашан қырғыз бен тәжік халықтарының ортақ тарихына құрметпен қарайтынын атап көрсетілген. Және тату-тәтті көршілік, достық қатынастардың нығаюын, Қырғызстан, Тәжікстан және көршілес мемлекеттердің түпкілікті мүдделеріне жауап беретін әртүрлі формалардағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны