20.10.2009, 16:07 3232

Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті

Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті

Бішкек. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстан премьер-министрі отставкаға кетті. Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің қатысуымен өткен үкіметтің отырысында республиканың премьер-министрі Игорь Чудинов отставкаға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отставкаға кету туралы өтініш президент Бакиевтің мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізу жөніндегі мәлімдемесіне сәйкес жасалды. Қырғызстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа үкімет басшысының кандидатурасын "Ақ Жол" билеуші партиясы ұсынады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бүгін өткен кеңейтілген кеңесте үкіметтің жаңа құрылымын жария етті, онда барлығы 14 министрлік қалдырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны