07.02.2007, 10:51 2928

Қырғызстан президенті бірқатар министрлерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

БІШКЕК. 7-ақпан.Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев үкіметтің жаңа құрамындағы бірқатар министрлерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші вице-премьер-министр болып бұған дейін де Феликс Кулов үкіметінде осы лауазымды иемденген Данияр Үсенов тағайындалды. Қырғызстан вице-премьер министрі орынтағына бұрынғы білім министрі Нұр уулу Досбол отырды. Табылдиев Тынычбек үкімет басшысы аппаратының жетекшісі болып бекітілді. Бұған дейін ол республиканың вице-премьер министрі болған.

Сонымен қатар Қырғызстан президентінің жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы болып генерал-майор Мұрат Суталинов тағайындалды. Ф.Куловтың үкіметінде ол ішкі істер министрлігін, артынан Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарған.

Қорғаныс министрі болып генерал-лейтенант Исмаил Исаков тағайындалды, ол осы елдегі билік ауысқаннан кейін қорғаныс мекемесін басқарған. Сонымен бірге көлік және коммуникациялар министрі Нурлан Сулайманов, әділет министрі Марат Кайыпов, көші-қон және халықты еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік комитет төрайымы Айгуль Рыскулова, мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы Турсун Турдумамбетов секілді тұлғалар өз лауазымдарында қалды.

Президент Қ.Бакиев Қырғызстан үкімет басшысы аппаратының жетекшісі Туруспек Коеналиевті және Қырғызстан ішкі істер министрі Омурбека Суваналиевті қызметтен босатты. Қырғызстан ішкі істер министрі болып Болотбек Ногойбаев тағайындалды, ол бұған дейін Қырғызстан Республикасының есірткіні бақылау агенттігін басқарды.

Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрі болып Уктомхан Абдуллаева тағайындалды. Ол Ф.Кулов үкіметінде еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны