26.01.2009, 11:53 1792

Қырғызстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Қырғызстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Бішкек. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев бірқатар тағайындаулар жасады. Ол бүгін осы жөніндегі жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент жарлығымен Қырғызстан Конституциясының 46-шы бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Искендербек Айдаралиев Қырғызстанның ауыл, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін бірінші вице-премьер-министр болған. Бірінші вице-премьер-министр лауазымына оппозиция өкілдерінің бірі Омурбек Бабанов тағайындалды.

"Қырғызстан президентінің жарлығымен Каныбек Жороев Қырғызстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. Сыртқы істер министрі лауазымына Кадырбек Сарбаев тағайындалды", -деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі.

Мелисбек Мырзакматов Ош қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Чу облысының әкімшілігінде бүгін жаңа губернатор ретінде Болот Кумаров таныстырылды.

Лада Орозбаева президент әкімшілігінің экономика және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Икімшіліктің мемлекеттік басқару саясаты және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі қызметіне Марс Саккараев келді.

Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасарлары болып Бактыгуль Каламбекова мен Руслан Казакбаев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны