09.04.2008, 10:31 1292

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ТМД орденімен марапатталды

Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ТМД орденімен марапатталды

Бішкек. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ТМД орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының мерейтойлық отырысында қатысып отырған спикерлер бұл жөнінде бірауыздан шешім қабылдады", - деп хабарлады Қ. Бакиевпен арадағы әңгіме барысында Жогорку кенеш спикері Адахан Мадумаров, деген ақпарат таратты Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі.

А. Мадумаровтың айтуынша, Қырғызстан президенті ТМД-ны нығайту ісіне қосқан зор үлесі үшін осындай марапаттауға ие болып отыр. Орден мемлекет басшысына үстіміздегі жылдың қыркүйек айына көзделген Ресейдің Федерация кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың Қырғызстанға ресми сапары барысында беріледі.

Сонымен қатар, ШЫҰ елдерінің спикерлері аталмыш халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастықты дамыту және бұл үшін штаб-пәтерін Қырғызстанның Ыстықкөл облысының Чолпон ата қаласына орналастыру бастамаларын қолдайтыны мәлімделді.

"Бакиев пен Мадумаровтың кездесуі барысында, сондай-ақ, Бішкекте қыркүйек айында өтетін ТМД елдерінің саммитіне дайындық мәселелері қозғалды. Бұл дайындыққа республикалық бюджеттен 70 млн сом бөлініп те қойды", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

1 АҚШ доллары Қырғызстанда 36,5 сомға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны