08.04.2010, 13:12 2793

Қырғызстан президенті Ош қаласындағы өзінің оңтүстік резиденциясында

Қырғызстан президенті Ош қаласындағы өзінің оңтүстік резиденциясында

Бішкек. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Ош қаласындағы өзінің оңтүстік резиденциясында, деп хабарлайды Kazakhstan Today "24.kg" агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, "Құрманбек Бакиев күш құрылымдары мен Мемлекеттік күзет қызметі жетекшілерінің тақауыры бойынша Ошқа ұшып кеткен. Мұндай шешім ұзаққа созылған консультациялардан кейін қабылданды", - деп мәлімдеді Қырғызстан Қорғаныс министрлігі аппаратындағылар.

Ош қаласы әкімдігіндегілер ақпаратты растай отырып, "біраз уақыт бұрын Құрманбек Бакиев Ошқа келді және қауіпсіз жерде орналасты, осы орайда мемлекет басшысы елдегі ағымдағы ахуалдан хабардар",- дейді.

Алайда кеше кешке Қырғызстанның бұрынғы сыртқы істер министрі әрі оппозиция жақтастарының бірі Аликбек Жекшенкулов телевидение арқылы сөйлеген сөзінде Қырғызстан президенті елден шығып кетті деп мәлімдеген болатын.

"РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігінің хабарлауынша, Бішкекте белгісіз біреулер Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің отбасына тиесілі үйді тонап, сосын өртеп жіберген. Белгілі ақпарға сәйкес, жігіттер Жібек Жолы көшесіндегі үш үйден заттарды ұзақ уақыт бойы сыртқа тасымалдап, сосын өртеп жіберген. Бейресми мәліметке сәйкес, кейінгі кездері бұл аумақта президенттің жақын туыстары тұрған.

Бұдан ертеректе билік пен оппозиция арасында жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеді. Келіссөздерге президент аппаратының жетекшісі Каныбек Жороев, президент хатшылығының басшысы Оксана Малеваная, президенттің мемлекеттік кеңесшісі Эльмурза Сатыбалдиев пен басқа да билік өкілдері, сондай-ақ, оппозиция лидерлері Алмаз Атамбаев, Омурбек Текебаев, Роза Отунбаева, Темир Сариев және басқалары қатысқан.

Оппозиция өкілдері елдің бұрынғы көптеген басшылары өз міндеттерін атқара алады деп мәлімдеді, бірақ премьер-министр Данияра Үсенов пен бас прокурор Эльмурза Сатыбалдиевтан басқалары.

Келіссөздер нәтиже бермегеннен кейін шабуылшылар Үкімет үйін қирата бастады. Бішкекте тонаушылық оқиғалары одан әрі жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны